+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ

Кемелердің орналасуы
 Актау

Кемелердің орналасуы
 Баутино

Кеме кіруі

Новиков Вадим Васильевич

Бас диспетчер

Порт қалдықтарын сату бағдарламасы

Жасыл порт

2021 жылы 38,7 тонна қалдық берілді

2,8 тонна
қағаз
0,08 тонна
пластмассалар
34 тонна
металл
Previous
Next

Клиенттерге

Хабарландыру

Құрметті клиенттер!

«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 642-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 01 наурыздан бастап «Тарату желілері арқылы суды беру» реттеліп көрсетілетін қызметіне 1 м3 үшін 174,26 теңге көлемінде жаңа тариф енгізілетінін туралы хабарлайды.

Тариф пен тарифтік сметаның өзгеру себептері:

–      су шаруашылығы желілерінің тозу деңгейін арттыру;

–      реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге тартылған өндірістік персоналдың жалақы мөлшерін ұлғайту.

****

Құрметті клиенттер!

«Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Ттарифтерді қалыптастыру қағидаларының 642-тармағына сәйкес 2024 жылғы 01 наурыздан бастап
1 м3 үшін 55,21 теңге көлемінде «Сарқынды суларды бұру» реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф енгізілгені туралы хабарлайды.

Тариф пен тарифтік сметаның өзгеру себептері:

–      кәріз желілерінің тозу деңгейін арттыру;

–      көрсетілетін қызметтерді тұтыну көлемінің төмендеуі;

–      реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге тартылған өндірістік персоналдың жалақы көлемін ұлғайту.

****

Құрметті клиенттер!

2023 жылғы 07 сәуірде «АТСП « ҰК» АҚ Басқармасы бекіткен «АТСП» ҰК» АҚ тарифтік саясатының 8.1-бөлімінің 28-тармағына сәйкес
(№7 хаттама) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 24 мың тоннадан кем емес контейнерлерде аммоний нитратының (аммиак селитрасының) кепілденген көлемін орындау кезінде төмендегі қызметтерге күнтізбелік жыл бойы клиенттерге 20% мөлшерінде жеңілдік беріледі:

  • 20 футтық контейнерлердегі қауіпті жүкті тасымалдау;
  • 40, 45 футтық контейнерлердегі қауіпті жүкті ауыстырып тиеу;
  • биг-бегтердегі қауіпті жүктерді контейнерге қайта құю.

****

Құрметті клиенттер!

Қазақстан Республикасының теңіз және аумақ суларында балық аулаумен айналысатын кемелер үшін:

  • кеме қатынасы қызметтеріне арналған төлемдерге (арқандап байлау қызметтері үшін, жүк операциялары кезінде (сыртында) айлақты пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда) 0,3 мөлшерінде коэффициент белгіленген.
  • порттың сүйрету қызметтеріне ақы төлеуге 0,62 к мөлшерінде коэффициент белгіленді.

Осы коэффициенттер 2023 жылғы 7 тамыздан бастап қолданылады (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №406 бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап).

****

Қазақстан Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 639-тармағына сәйкес, “АТСП “ҰК” АҚ қызметтерді тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында бекітілген тарифті уәкілетті органның ведомствосы айқындайтын деңгейден жоғары емес индекстеу жолымен “Сарқынды суларды бұру” және “Суды тарату желілері арқылы беру” реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді арттыру туралы тыңдау өткізеді.

Тыңдаулар 2023 жылғы 16 қантарында сағат 11.00-де қашықтықтан онлайн режимінде өткізіледі. Онлайн көрсетілім ZOOM онлайн конференцияларына арналған платформада өткізілетін болады. ZOOM конференциясына сілтеме бойынша қосылуға болады

https://us06web.zoom.us/j/87235132293?pwd=9XSnXerUBUOebbaQSnnGaaAE3lC1Ma.1

Конференция идентификаторы 872 3513 2293 қатынау коды 159761

“АТСП” ҰК ” АҚ әкімшілігі

****

Құрметті клиенттер!

“АТСП” ҰК” АҚ 2023 жылғы 10 қарашадан бастап, Ақтау портымен әрбір кеме қатынасы кезінде, АТСТ және АТСП айлақтары арасында және керісінше, Кемелерді 1 (бір) рет тегін ауыстырып қосудан (порттық сүйрету қызметтерінен) артық емес ұсынылатынын хабарлайды.

****

Құрметті клиенттер!

01.09.2023 жылдан бастап 12 күнтізбелік ай ішінде (31.08.2024 жылға дейін қоса алғанда) 24 мың тоннадан кем емес контейнерлерде аммоний нитратын (аммиак селитрасы) ауыстырып тиеудің кепілдік берілген көлемін орындау кезінде клиенттерге төмендегі қызметтерге 20% мөлшерінде жеңілдік ұсынылады:

– 20 футтық контейнерлерде қауіпті жүкті ауыстырып тиеу;

– 40, 45 футтық контейнерлерде қауіпті жүкті ауыстырып тиеу;

– биг-бегтегі қауіпті жүктерді контейнерге қайта тиеу.

Қазақстан Республикасының теңіз және аумақтық суларында балық аулауды жүзеге асыратын кемелер үшін:

– кеме кіру қызметтері төлемдеріне (арқандап байлау қызметтері үшін, жүк операциялары кезінде (тыс) айлақты пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда) 0,3 мөлшерінде коэффициент белгіленсін;

– порт сүйрету қызметтері төлеміне 0,62 мөлшерінде коэффициент белгіленсін.

****

Құрметті клиенттер!

«АТСП» ҰК» АҚ Ақтау теңіз порты” АЭА қатысушу ретінде тіркеуге байланысты 2023 жылғы 18 мамырдан бастап Ақтау порты аумағындағы уақытша сақтау қоймасы жабылатындығын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Ақтау — Баку — Ақтау бағытындағы паромдық, оның ішінде Жолаушылар тасымалы “Құрық порты”ЖШС арқылы жүзеге асырылады.
Ақтау портында паром билеттері сатылмайды. Пароммен билет алу үшін төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7292) 462-442, +7 771 303 6814 (анықтамалық)

“Ақтау теңіз сауда порты “ұлттық компаниясы” Акционерлік қоғамы (бұдан әрі — қоғам) Сіздің назарыңызға қазіргі уақытта қоғамның тарифтік саясатының (20.12.2019 ж. № 56 хаттама) әзірленгенін және бекітілгенін жеткізеді.

Құрметті “АМТП “ҰК” АҚ клиенттері, сіздерге уақытша сақтау қоймасының (бұдан әрі УСҚ) қызметі қалпына келтірілгенін хабарлаймыз. УСҚ қызметтерді күн сайын сағат 08: 30-дан 20: 30-ға дейін, демалыссыз жүзеге асырады.

Порт Туралы

Ақтау теңіз порты (Қазақстан) Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан, бұл жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат бойы құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай Иран, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан бағыттарына тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға арналған.

Порт мүмкіндіктері

Порт картасы

Қауіпсіздік

Экологиялық қауіпсіздік (ИСО 14001), кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау (OHSAS 18001) жүйелерінің халықаралық стандарттарының талаптарына және теңізде жүзу және кемелерге қызмет көрсету қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестік Ақтау портының жұмысындағы басты басымдық болып табылады.