2022 жылдың 18 ақпанында карантиндік шектеулерге байланысты ұзақ үзілістен кейін еңбек ұжымының жалпы жиналысы өтті.
Кәсіпорынның ағымдағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президенті) А.Н.Турикпенбаев баяндама жасады.
Жалпы жиналыс барысында «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы қызметкерлерді қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді, атап айтқанда, жалақы мәселесі бойынша:
– 2021 жылғы қаңтар айынан бастап «АТСП» ҰК» АҚ барлық қызметкерлерінің жалақысы 10%-ға индекстелді;
– 2021 жылғы шілде айынан бастап «АТСП» ҰК» АҚ өндіріс қызметкерлерінің жалақылары 10%-ға көтерілді;
– 2022 жылғы қаңтар айынан бастап өндірістік персонал-өндірістік құрам қызметкерлері жалақысы 35 мың теңгеге өсті.
Басқару аппаратының қызметкерлерінің лауазымдық қызметақы схемаларын қайта қарау мүмкіндігі қаралып жатыр.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған басқа да сұрақтарға жауап алды.