+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«АХТСП» ҰК» АҚ-да алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға заңдылық пен әділдікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, қоғамдық диалог пен мемлекеттік институттарды дамытуға бағытталған конституциялық түзетулердің негізгі аспектілері туралы ақпарат берілді.

Кездесуге Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Іс-шараның мақсаты құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және порт қызметкерлерін әлеуметтік маңызды процестерге тартуға бағытталған.

15 наурызда әрқайсымыз таңдау жасаймыз. Референдумға қатысу – елдің болашағына инвестиция салу, қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік және мемлекеттің болашақ дамуына әсер ету мүмкіндігі.