Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) шақыртуымен «АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев 30-шы Экономикалық-экологиялық форумында баяндама жасады.
Тиімді және экологиялық біріктірілген тұрақты көлік желілерін дамыту тақырыбына тоқталған Ақтау портының басшысы жақын болашақта 133 мың ЖФБ кем емес Шығыс-Батыс және кері (Қытай – ЕО елдері) бағытында жүк тасымалының ұлғаюын қамтамасыз ететін және «Middle Corridor» бағытының әлеуетін кеңейтетін Қара теңізде жаңа контейнерлік желілерді құруды ұсынды.
Бұл көрсеткішке жүкті экологиялық жағынан төмен автомобиль көлігінен темір-теңіз көлігіне қайта бөлу арқылы да, басқа дәстүрлі бағыттардан жүктерді қайта бағыттау арқылы да қол жеткізуге болады.
Іс-шараның сәтті өтуі көбінесе тұрақты желілерді қалыптастырудың бірінші кезеңінде Еуропалық Одақ елдерінің қолдауына көп байланысты.