+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бірінші хатшысы Ақтау Портында

Бүгін Ақтау портына Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бірінші хатшысы Селена МакГиннес жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында МакГиннес ханым мұнай, астық, жалпы жүктерді, соның ішінде контейнерлерді ауыстырып тиеуге тартылған теңіз айлағының барлық өндірістік нысандарымен танысты.

Порт басшылығымен отырыс барысында перспективалы инвестициялық жобалардың егжей-тегжейлері жеке талқыланды, сондай-ақ Компанияның техникалық және қаржылық көрсеткіштері айтылды.