Бүгін Ақтау теңіз портына Компанияның қызметімен және “контейнерлік хаб“ жобасымен танысу мақсатында ”ҚТЖ” ҰК” АҚ серіктесі PSA International компаниясы келді.
PSA International-әлемдегі жетекші порт операторы және мүдделі тараптар үшін сенімді жеткізу тізбегінің серіктесі.
PSA порт және жүк шешімдерінің портфолиосы 42 елдегі 160 нүктеде 60-тан астам терең теңіз, теміржол және ішкі терминалдарды, соның ішінде Сингапур мен Бельгиядағы екі жетекші порт кәсіпорнын және жеткізу тізбегін басқару, логистика, теңіз және цифрлық қызметтердің еншілес компанияларын қамтиды.