18.11.2015 жылғы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңының 9-бабы 2-тармағын және 11-бабы 6-тармағын орындау мақсатында, жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі шеңберінде кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға міндетті адамдарды толық қамту, сондай-ақ осы адамдардың салық заңнамасының нормаларын бұзуын және ықтимал техникалық іркілісті болдырмау мақсатында ұсынылатын салық есептілігі нысандарының үлкен ағынына байланысты “АМТП “ҰК” АҚ Комплаенс-бақылаушысы Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер бөлімшесінің қызметкерін тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізуді ұйымдастырды.
Аталған іс-шара барысында осы тақырып бойынша слайдтар көрсетілді және декларациялау бойынша теңіз порты қызметкерлерінің қызықтырған сұрақтарына жауап бере отырып, 270.00 нысаны бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен ерекшеліктері бойынша сәттер егжей-тегжейлі түсіндірілді.