Бүгін тікелей эфирде Қазақстан мен Қытай басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк автомобильдері мен теміржол контейнерлерін жөнелтудің салтанатты рәсіміне қатысты.
Ақтау теңіз портында Кемелерді жөнелтуге дайындығы туралы ҚР ТМ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Али Алтай және Қытай көлік министрлігі Көлік қызметтері департаментінің директоры Цай Туаньцзе баяндама жасады.
Іс-шараға қатысушыларға Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді, оның соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен төраға Си Цзиньпин теңіз кемелерінің қозғалысын бастады.