Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын мүлтіксіз сақтау мақсатында 13 желтоқсанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Басқарма төрағасы Абай Турикпенбаевтың және «АТСП» ҰК» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-оқыту іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында слайдтар мен бейнематериалдармен сүйемелденетін дәріс ұсынылды.