Ақтау теңіз портында Бас көлік прокуратурасы бекіткен медиа-жоспар шеңберінде ұйымдастырылған «Қаржылық қауіпсіздік күні» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және порт қызметкерлері арасында қаржылық сауаттылықты арттыру.
Іс-шараға Маңғыстау көлік прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қатысты.
Порт қызметкерлеріне қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары, алаяқтықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы айтылды. Тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ жеке қаржыны қорғау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.