+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Сатып алулар туралы жалпы хабарлама

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АХТСП» ҰК» АҚ) «Маңғыстау облысы, Ақтау қ., №7 өнеркәсіптік аймақ, 43-учаске мекенжайы бойынша №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жоспарлап отыр.

 

  1. Қаржыландыру туралы ақпарат

«АХТСП» ҰК» АҚ аталған жобаны қаржыландыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ұсынған немесе оның әкімшілігімен берілген қарыз және/немесе грант қаражатының бір бөлігін пайдалануды жоспарлап отыр.

 

Қаржыландыру жөніндегі қосымша ақпарат:

Жоба ЕҚДБ қарызы және Банктің әкімшілігіндегі инвестициялық грант есебінен қаржыландырылады. Сонымен қатар, «АХТСП» ҰК» АҚ барлық қолданылатын салықтарды (ҚҚС-ты қоса алғанда) өз есебінен өтеуге міндеттенеді.

 

  1. Жоба туралы ақпарат

Жобаның сипаттамасы:

Жоба контейнерлерді өңдеуге арналған жабдықтарды (крандар, ричстакерлер және т.б.), сондай-ақ ілеспе инфрақұрылымды сатып алуды қаржыландыруға бағытталған. Жоба Компанияға ауыр салмақты және контейнерлік жүктерді қайта тиеуге арналған екінші технологиялық желіні құру арқылы контейнерлерді ауыстырып тиеу өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, сол арқылы Орта дәліз бағыты бойындағы бірқатар негізгі инфрақұрылымдық және операциялық тар орындарды жояды.

 

Жобаның болжамды жалпы құны:

29 627 249 000,00

 

Валюта:

KZT

 

Сатып алу түрлері:

Тауарлар, жұмыстар, консультациялық қызметтер

 

Сатып алулардың болжамды басталу күні:

09.01.2026 ж.

 

  1. Өзге ақпарат

Жоба шеңберінде келесі тауарлар, жұмыстар және консультациялық қызметтерді сатып алу жоспарлануда:

  • 1-келісімшарт: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., №7 өнеркәсіптік аймақ, 43-учаске мекенжайында орналасқан №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту бойынша жобалау және құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарт;
  • 2-келісімшарт: Жүктерді өңдеуге арналған жабдықтар мен механизмдерді сатып алу және орнату бойынша тауарларды жеткізу және ілеспе қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт;
  • 3-келісімшарт: Құрылысқа техникалық қадағалау жүргізуді қоса алғанда, №7 өнеркәсіптік аймақ, 43-учаске, Ақтау қ., Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту кезінде құрылыс қадағалауы және жобаны іске асыруды қолдау бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге, сондай-ақ жобаның тиісті орындалуын және халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасына толық сәйкестігін қамтамасыз етуге арналған келісімшарт.

Келісімшарттар ЕҚДБ-ның Сатып алу саясаты мен ережелеріне (2022 жылғы 15 мамырдағы редакция) сәйкес жүзеге асырылады және сатып алу құжаттамасында өзгеше көрсетілмесе, кез келген елдің компаниялары үшін ашық.

Жоба шеңберіндегі сатып алулар ЕҚДБ Клиенттерінің электрондық сатып алу порталы (ECEPP) арқылы жүзеге асырылады. Аталған жоба бойынша сатып алуларға қатысу ниеті болған жағдайда, ECEPP жүйесінде тіркелгеніңізге көз жеткізуіңізді сұраймыз (https://ecepp.ebrd.com). Тіркелген ұйымдар жаңа сатып алу мүмкіндіктерінің жариялануы туралы тікелей хабарламалар алып отырады.

 

  1. Клиенттің мекенжайы

Денис Денисов, Асем Соспанова

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ
№7 өнеркәсіптік аймақ, 43-ғимарат, Ақтау қ., 130000, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 (7292) 44-50-53, +7 (7292) 44-51-09

Электрондық пошта: denisov_d@aktauport.kz