+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өнеркәсіптік аймақ, 43-учаске мекенжайы бойынша №3, №12 айлақтарды реконструкциялау» жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

Мекенжайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өнеркәсіптік аймақта орналасқан «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №7 өнеркәсіптік аймақ, 43-учаске мекенжайы бойынша №3, №12 айлақтарды реконструкциялау» жөніндегі жұмыстарды екі кезеңді тендер тәсілімен сатып алу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Аталған сатып алу рәсімі Еуропалық қайта құру және даму банкінің клиенттеріне арналған электрондық сатып алу порталы (ECEPP) арқылы жүзеге асырылады. Әлеуетті қатысушылар төменде көрсетілген сілтеме арқылы сатып алу рәсіміне қол жеткізе алады. Жүйеде тіркелген қатысушылар жүйеге кіріп, сатып алу құжаттамасына бірден қол жеткізе алады, ал тіркелмеген қатысушылар қысқаша тіркеу рәсімінен өткеннен кейін құжаттамаға қол жеткізе алады:

https://ecepp.ebrd.com/delta/viewNotice.html?displayNoticeId=41950478

Сатып алу рәсімінің толық сипаттамасы сатып алу құжаттамасында қамтылған және ECEPP жүйесінде тегін негізде қолжетімді.

Аталған шарттар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Сатып алу саясаты мен сатып алу қағидаларының қолданылу аясына жатады және сатып алу құжаттамасында өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, кез келген елдердің компанияларының қатысуы үшін ашық болып табылады.