Бүгін «АХТСП» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтті.
Сабақ барысында төтенше жағдайлар туындаған кездегі мінез-құлық ережелері, өртті анықтаған кездегі іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидаттары егжей-тегжейлі талданды. Мамандар өрт сөндіргішті қалай дұрыс және қандай жағдайда қолдану керектігін айтып, көрсетті.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды — қызметкерлер білімдерін жаңартып, төтенше жағдайларда іс-қимыл бойынша іс жүзінде ұсынымдар алды.
Мұндай іс-шаралар өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектесіп, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады.
Қауіпсіздік-біздің жұмысымыздың басымдығы.



