АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«АХТСП» ҰК» АҚ-да жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өткізілді

«АХТСП» ҰК» АҚ-да персоналдың терроризм қатері туындаған жағдайда іс-қимыл жасау тәртібін меңгеруіне арналған жоспарлы оқу-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Оқу-жаттығулар қызметкерлердің терроризм сипатындағы төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараларға мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен порт қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығу барысында шартты терроризм қатері туындаған жағдайда хабарлау, эвакуациялау және өзара іс-қимыл жасау алгоритмдері пысықталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіпорын аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады және қызметкерлер мен өндірістік нысандардың қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.