+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысы

Ағымдағы жылдың 18-22 ақпан аралығында Тегеран қаласында Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иран Үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған қазақстандық делегацияның құрамында Ақтау портының басшысы А.Н. Түрікпенбаев отырыс жұмысына қатысты.
Төрт күнге созылған шара барысында экономика мен мәдениеттің барлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудару басты мақсат болды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Иран Ислам Республикасының Кеден басқармасы арасындағы қол қойылған хаттамамен тараптар тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасу шарттарына келісті.
Ал кездесудің қорытынды хаттамасында тараптар Иран мен Қазақстан порттары арасындағы тауар номенклатураларын одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін көрсетті.