+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

CNPC және KMG Kashagan B.V. делегациясының Ақтау портына сапары

CNPC және KMG Kashagan B.V. – Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші компанияларының делегациясы техникалық сапармен Ақтау портында болды.

Компаниялардың коммерциялық және логистикалық құрылым өкілдері Ақтау портының мұнайды негізгі ауыстырып тиеу көлеміне қосымша кем дегенде 5 млн тоннаға дейін ауыстырып тией алатын мүмкіндіктерімен танысты.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар барлық корпоративтік шаралар аяқталғаннан кейін

қазақстандық стратегиялық шикізаттың бірінші партиясы ағымдағы жылдың қазан айында Ақтау порты арқылы тасымалданатынына сенім білдірді.

Жалпы, қайта құру жобалары аяқталғаннан кейін Ақтау портының мұнай құю қуаты қысқа мерзімде жылына 12,5 млн тоннаға дейін өседі.