Бүгін Ақтау портының алаңында ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлеповтың басшылығымен теңіз порттарын дамыту жөніндегі сараптамалық топтың кезекті отырысы өтті. Саланың өзекті мәселелері мен оларды шешудің практикалық жолдарын Ақтау және Құрық порттарының, “АТСТ” ЖШС, сондай-ақ “Semurg Invest” ЖШС және т. б. басшылары мен мамандары талқылады.
Отырыс барысында Қ. Тлепов атап өткендей, салалық ведомствоның барлық күш-жігері бірінші кезекте су көлігі кәсіпорындарының кірістілігін арттыру бойынша жағдай жасау үшін мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруге бағытталған.
Талқылау қорытындысы бойынша сарапшылар барлық проблемалық мәселелер бойынша алгоритмдер мен іс-қимылдар реттілігін әзірледі.