Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Ақтау теңіз портына Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич келді.
Кездесу барысында ЕО өкілі порттың қызметімен, оның логистикалық мүмкіндіктерімен және инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ кәсіпорын басшылығымен тұрақты тасымалдау және жасыл логистика саласындағы ынтымақтастық болашағын талқылады.
Сапар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ елдің негізгі инфрақұрылымдық объектілері деңгейінде әріптестікті кеңейтуге ұмтылысты атап өтті.