2022 жылғы 11 ақпанда «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Логистика және көлік комитеті бірлескен қорытынды отырысы және «KAZLOGISTICS» АҚ 2021 жылға арналған жылдық жалпы жиналысы өтті.
Отырыстардың кеңейтілген күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарында «Атамекен» Төралқасының Логистика және көлік комитетінің Ақтау портын қолдау және дамыту шараларын қамтитын 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуді атап өткен жөн.
Атап айтқанда, Комитет «АТСП» ҰК АҚ-ны «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы ретінде тіркеуге ықпал етуді жалғастырып, Қазақстанның теңіз порттары арқылы жүктерді экспорттау кезінде теміржол көлігімен жүк тасымалының тарифтік реттеу мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ, Жұмыс жоспарының бір тармағында ағымдағы жылы теңіз мамандарын даярлау және кадрлық әлеуетті дамыту қарастырылған.