«АТСП» ҰК» АҚ акционерінің шешімі бойынша Инаишвили Джемал Суликович Ақтау теңіз портының Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директоры) болып сайланды.
Инаишвили Джемал Суликовичтің бизнес және саясат саласында бай тәжірибесі бар. Поти теңіз портын (Грузия) басқарды, Қара және Азов теңізі порттары қауымдастығының президенті болды, әлемдегі ең ірі теңіз, кеме қатынасы және логистикалық компаниялардың (MSC Georgia LLC, Medlog Georgia LLC, Wilhelmsen Port Sernices Georgia LLC және т.б.) өкілдіктерінің директорлар кеңестерінде жұмыс тәжірибесі бар.
Сауда мақсатында теңізде жүзу, порт инфрақұрылымы және кеме қатынасы саласындағы түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда маңызды лауазымдарды атқарды.
Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшесінің кәсіби қасиеттері, орасан зор тәжірибесі мен іскери беделі Қазақстанның басты теңіз қақпаларын басқару органы шешімдерінің тиімділігінің өсуіне ықпал ететініне және Компанияның қызметіне, оның инвестициялық тартымдылығы мен тұрақтылығына оң әсер ететініне сенімдіміз.