Жалғыз акционерге есеп беретін, Компания Басқармасының қызметін бақылауды қамтамасыз ететін және «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңмен және Жарғымен Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуден басқа Компанияға стратегиялық басшылық етуді жүзеге асыратын «АТСП» ҰК» АҚ-ның басқару органы.
Директорлар кеңесі Компанияның қауіпсіз, табысты және тұрақты дамуын қамтамасыз етуде, сондай-ақ ұзақ мерзімді акционерлік құн жасауда маңызды рөл атқарады. Директорлар кеңесі болашақ жоспарлар мен негізгі қызмет бағдарламаларын бекітіп, тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыру амалдары мен
ортақ қағидаларды айқындайды.
Компанияның Директорлар кеңесінің қызметі Компания Жарғысымен,Корпоративтік басқару кодексімен реттеліп, ұтымдылық және тиімділік қағидаттарына қарай жыл сайын жасалатын жұмыс жоспары мен кестеге сай жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесінің мүшелерінде Компания акциялары / үлестес компаниялардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі болмайды, сондай-ақ жеткізушілер мен Компания бәсекелестерінің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне / акцияларына иелік етпейді.