+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету

«АТСП» ҰК» АҚ өз қызметінде ашық, адал және әдепті іскери мінез-құлық қағидаларын басшылыққа алады, сондай-ақ кез келген көріністегі жемқорлық пен бопсалауды анықтау және оларға қарсы тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың негізгі қағидаттары:

  • кез келген жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік — Қоғам өз қызметін жүзеге асыру кезінде кез келген үлгідегі және көріністегі жемқорлықты толық қабылдамау қағидатын ұстанады.
  • жоғары басшылыққа міндетті болу және «жоғарыдан үн» орнату –Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасы кез келген көріністегі және барлық деңгейдегі жемқорлық түрлеріне төзбейтіндігін мәлімдеп, аталған қағидатты жеке үлгіде көрсетіп, сақтап, жүзеге асырады.
  • жұмыскерлерді қатыстыру – Қоғам өз лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерін ҚР жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері туралы ақпараттандырып, жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шаралар әзірлеп, жүзеге асыруға белсене қатысуын қолдайды.
  •  жазаның бұлтартпастығы – Қоғам атқаратын лауазымына, жұмыс өтіліне және жемқорлық құқық бұзушылық жасалған өзге жағдайларға қарамастан Қоғам жұмыскерлерінің жазадан бұлтартпайдығын мәлімдейді.
  • заңдылық және жалпы қабылданған нормаларға сай болу – Қоғам Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтайды.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдердің тиімділігі — Қоғам оларды іске асырудың қарапайымдылығын және елеулі нәтиже алуды қамтамасыз ететін рәсімдерді барынша ашық, айқын, орындалатын етуге ұмтылады.
  • мониторингілеу және бақылау — Қоғам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша енгізілген рәсімдердің сақталуын және олардың тиімділігін бақылайды.
  • өзара іс–қимыл және үйлестіру – Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы мемлекеттік органдармен және Қоғамның қауымдастырылған / үшінші тұлғаларымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.