«Ақ Бидай-Терминал» акционерлік қоғамының астық терминалы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы №889 Жарғысымен
бекітіліп, қазақстандық астықты бірінші кезекте Кавказ өңірі және Таяу шығыс
елдеріне экспорттауды кеңейтуге және тұрақтандыруға бағытталған «Қазақстан
Республикасының аграрлық азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында
құрылған.
Терминалдың жалғыз акционері «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы»
ұлттық компаниясы» АҚ болып табылады.
Терминалда жалпы көлемі 22,5 мың тонна астықты уақытша сақтауға арналған
11 сүрлем бар. Терминалдың көлік коммуникацияларының ауыстырып тиеу
бойынша өндірістік қуаты сағатына 350 тонна астық құрап, ол теміржол
вагондарынан тәулігіне 3 мың тоннаға дейін астық қабылдау, ал теңіз
кемелеріне тәулігіне 4 мың тоннаға дейін астық тиеу мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Терминал тәулік бойы режимінде жұмыс істеп, белсенді желдету жабдығымен,
жоғары дәлдіктегі электрондық таразымен және қызмет сапасының жоғары
болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бүкіл технологиялық циклді
автоматтандырылған басқару жүйесімен жарақтандырылған.
Нақты мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, 8 шағын
аудан, №43 ғимарат.
Тел.: +7 (7292) 526534; 526554
Факс: +7 (7292) 502377;
e-mail: akbiday@fcc.kz