Баутино жүк ауданы «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ бөлімшесі болып табылады, Баутино ауылында, Түпқараған шығанағының Баутино қойнауында (Ақтау қаласынан 150 км) орналасқан.
Баутино порты 200 мың тоннаға дейін жүк өңдей алады. Негізгі артықшылығы – толқыннан табиғи қорғалу есебінен рейдте кемелер бос тұрып қалмайды, ол жүк жұмыстарын тіпті дауылды ауа райында да жүргізе беруге мүмкіндік береді.
Мүмкіндіктері:
- Навигациясы – жыл бойғы
- Жұмыс кестесі – тәулігіне 24 сағат
- Айлақ саны – 1
- Айлақ қабырғасының ұзындығы – 150 м
- Айлақ тұсының тереңдігі – 5,5 метр
- Жүк тиеу-түсіру техникасы — жүк көтерімділігі 32 және 5 тонна 2 порталды кран.
- Жүк номенклатурасы: өндірістік жабдықтар, құрылыс материалдары, қиыршық блокты тас, тақтай және отын ағаш, тамақ өнімдері, малға жем, контейнерлік жүктер, металл сынықтары және т.б.
Байланыс мәліметтері:
Сактаганов Мырзабек Жанапиевич
Баутино жүк ауданының бастығы
- тел.: 8 (72938) 24888
- e-mail: saktaganov_m@aktauport.kz
Жүсіпбеков Серік Бисенбиевич
ЖТТК бастығы
- тел.: 8 (72938) 24916
- e-mail: chusypbekov_s@aktauport.kz