Мүмкіндіктері
- Бағыты: Баку-Ақтау-Баку
- Арақашықтығы: 253 теңіз милі
- Өткізу қабілеті: 2 млн. тонна
- Паромның жүру уақыты: 18 сағ.
- Кемелерді өңдеу уақыты: 8-10 сағ.
- Паром сыйымдылығы: 54 теміржол вагоны
- Кеме шөгуі бойынша шектеулер: 5,1 метр
- Жүк номенклатурасы: мұнай өнімдері, ХТТ, астық, минералды тыңайтқыштар
Ақтау және Баку (Әзірбайжан) порттары арасында тұрақты паром қатынасы орнатылған. Теміржол паромдары мен Ро-Ро кемелері мұнай өнімдерін, халық тұтынатын тауарларды, астық және минералды тыңайтқыштарды 18-20 сағат ішінде 253 теңіз милін еңсеріп тасымалдайды. Паромдарға 54 теміржол вагонын және 35 ауыр жүк автомобильдерін сыйғызуға болады.