+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Теміржол әкімшілігі Ақтау портында

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Теміржол әкімшілігі Ақтау портына Қазақстанға сапары аясында келді.

Кездесу барысында “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы Абай Турикпенбаев қонақтарды Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің буыны ретінде теңіз портының өндірістік инфрақұрылымымен таныстырды. Ақтау портындағы контейнерлік терминалдың жобасы таныстырудың жеке бөлімі ретінде ұсынылды.

Сапар қорытындысы бойынша қонақтар теңіз айлағының инвестициялық әлеуетін атап өтіп, теңіз және темір жол көлігімен интермодальды тасымалдауды дамыту мәселелерінде белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.