«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының талаптарына сәйкес және терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «АТСП» ҰК» АҚ аумағында 2024 жылғы 26 – 29 қараша аралығында профилактикалық және оқу іс-шаралары өткізілді.
Порт қызметкерлерін және «АТСП» ҰК» АҚ («Ақ-Бидай Терминал» АҚ, «КаскорТрансСервис» АҚ) аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметкерлерін террористік қатерлер туындаған кездегі іс- қимыл тәртібіне оқытуға басты назар аударылды. Іс-шаралар аясында персоналды эвакуациялау жүргізілді, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою алгоритмдері пысықталды.
Іс-шараларды ұйымдастыруға Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері, Маңғышлақ станциясындағы ЖПб және «ӘТЖК» ЖШС атқыштар командасы қатысты,бұл дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл шаралар қызметкерлердің ықтимал қауіптерге дайындығын арттыруға және
жалпы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
«АТСП» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын басшылыққа ала отырып, терроризмге қарсы қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды жалғастыруда.