+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен халықаралық семинар

2023 жылғы 31 мамырда Ақтау портының алаңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ҚР өкілдігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған өңірлік тренинг-семинардың 3-сессиясы өтті.

Семинарға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде “АТСП” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы жақында болған пандемия зардаптарының тәжірибесі бізге аурудың халықаралық таралуын болдырмауға және қоғамдық денсаулықты сақтау деңгейінде жауап шараларын қабылдауға дайындық мәселесінің сөзсіз маңыздылығы туралы, бірақ бұл ретте халықаралық тасымал мен сауда үшін артық кедергілер тудырмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ақтау портының басшысы ашық диалог форматында ұйымдастырылған бүгінгі халықаралық шара іс жүзінде тәжірибе алуға және халық денсаулығы үшін жаңа және үнемі өзгеріп отыратын тәуекелдерге дайын болуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сессия барысында қатысушылар Ақтау портының инфрақұрылымымен және медициналық көмек және оқшаулау үшін қарастырылған жайлармен танысты, сондай-ақ кабинеттік оқу-жаттығу өткізіп, кеме санитариясының шарттарымен танысу үшін сауда және порт флотының кемелеріне барды.

Барлығы 5 күндік шараның негізгі мақсаты жекелеген әуежайларда, порттарда және құрлық шекарасын кесіп өту пункттерінде негізгі мүмкіндіктер бойынша талаптар шеңберіндегі халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларды бағалау құралдарын (2005) зерделеу болып табылады.

Семинардың тәжірибелік тренинг жұмысына Орталық Азия, Кавказ және Еуропа елдерін қоса 13 елдің өкілдері қатысады.