3 күн бойы Ақтау портының, ҚТЖ Экспресс, Ляньюнган портының және “КИТНГ” жобалау ұйымы түрлі бейіндерінің мамандары Ақтау портының жобалы0 контейнерлік хабының технологиялық үрдістерін құрастыру мен үйлестіруді оңтайландыру мәселелерін талқылады.
Нысан құрылысының бірінші кезеңі кем дегенде 70-80 мың TEU контейнерлерін өңдеу үшін жеткілікті, қажет болған жағдайда одан әрі ұлғайту мүмкіндігі бар қуаттарды құруды көздейді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған контейнерлік хаб салу жобасы Ақтау теңіз портының терминалдық қуаттарын кеңейтуге негіз болады және оны жылына 300 мың TEU контейнерлерін өңдеуге қабілетті ТХКМ және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы негізгі логистикалық торапқа айналдырады.
Тұтастай алғанда, жобаны толық іске асыру бірқатар артықшылықтар береді, оның ішінде қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін жеткізу мерзімдеріне оң әсер етеді және контейнерлік тасымалдарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал ететін болады.