+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Мемлекет басшысының бақылауындағы кешенді жоспар

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобаларын іске асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев Маңғыстау облысының көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін Ақтау порты базасында контейнерлік хаб құрудың стратегиялық маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Геосаяси жағдайдың өзгеруі Қазақстан арқылы өтетін баламалы маршруттарға қызығушылықты арттырады, бұған Мұхит тасымалымен салыстырғанда құрлық маршруттары бойынша жүктерді жеткізу мерзімдерінің қысқаруы да ықпал етеді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауларында порттардың көліктік-логистикалық әлеуетін толық көлемде іске асыруға назар аударады және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық сауда және транзит көлемдері көрсеткіштерінің өсуі тиісті порт инфрақұрылымын тезірек құру қажеттігін растайды.
Осы тұрғыда Ақтау портында контейнерлік хаб құру өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де транзиттік әлеуетін іске асыру үшін маңызды қадам болып табылады.