+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Xi ‘ an Free Trade Port делегациясы Ақтау теңіз портында болды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының ҚХР наурыздағы сапарының қорытындысы бойынша және «KTZ Express» АҚ мен Сиань халықаралық құрғақ порты арасында жасалған Контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, Xi ‘ an Free Trade Port делегациясы Ақтау теңіз портында болды.

Кездесу барысында «АТСП» ҰК» АҚ басшылығы шығыстағы әріптестермен ТХКМ дамыту мәселелерін және олардың қазақстандық теңіз портының инвестициялық-инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Келіссөздер және қонақтарды порт қуатымен таныстыру қорытындысы бойынша тараптар «ынтымақтастықты нығайтуды және мультимодальды, экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалды дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуді» қолдады.

Анықтама үшін:

Сиань қаласы Қытайдың ең ірі көлік-логистикалық хабы болып табылады. Оның аумағында “Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркі” орналасқан. Осы құрғақ портқа жүктердің 40%  Қазақстан тарапынан келеді, сондай-ақ мұнда Қытай-Еуропа қатынасымен жөнелтілген контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінен контейнерлердің 30% қалыптастырылады.