+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Жаңа егіннің астығын жөнелту ерекше бақылауда

Бүгін Ақтау теңіз портына ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов бастаған орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Порт инфрақұрылымымен танысқаннан кейін салалық комитет басшысы өңір порттарының астық терминалдары арқылы астықты үздіксіз ауыстырып тиеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында қатысушылар тасымалдау процесінің ағымдағы мәселелерін, соның ішінде астық жүктерінің кеме партияларын құжаттамалық ресімдеуді жеделдетуді талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар мен оларды тезірек іске асыру жолдары әзірленді.
Кеңеске ауыл шаруашылығы министрлігінің, аумақтық фитосанитариялық және ветеринариялық инспекциялардың, порттардың теңіз әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дәстүр бойынша, жаңа егін жинағаннан кейін экспорттаушылар осы стратегиялық ресурсты сыртқы тұтыну нарықтарына жөнелтуді жандандырады, осыған байланысты ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтау порты арқылы астықты ауыстырып тиеу көлемінің айтарлықтай өсуі болжанады.