+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

«АТСП» ҰК» АҚ Тұрақты дамуы

Компанияның тұрақты дамуының өзекті идеясы түрлі мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді кезеңде Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу болып табылады.
Тұрақты дамуды басқару
«АТСП» ҰК» АҚ өсу сатысында екендігін ескер отырып, сондай-ақ экономикаға, экология мен қоғамға өз әсерінің маңыздылығын ұғына отырып, Компания тұрақты даму жүйесін енгізу жұмысын жалғастыруда.
Компанияда тұрақты даму жүйесін тиісті дәрежеде қалыптастыру төмендегі қағидаттарды дамыту жолымен қамтамасыз етіледі:
—        Серіктестік қызметінің ашық, есепті, таза болуы;
—        қызметкерлердің әдеп мінез-құлығы;
—        жұмыскерлерді әділ марапаттау;
—        мүдделі тұлғалардың мүдделерін құрметтеу;
—        заңдылық, адам құқығын сақтау, сыбайлас жемқөрлыққа төзбеу, мүдделер
қақтығысына жол бермеу;
—        мүлікке ұқыпты қарау, қаржылай қаражатты тиімді пайдалану, сапасы тиісті дәрежедегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу;
—        жеке бас үлгісі.
Директорлар кеңесі мен «АТСП» ҰК» АҚ Басқармасы басқарушылық шешім қабылдаған кезде тұрақты даму саласындағы Компанияның Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген жоғарыда аталған қағидаттарын басшылыққа алады.
Барлық жұмыскерлер, әрқайсысы өз деңгейінде жеке мінез-құлығымен және Компанияның тиісті ішкі құжаттарын сақтау жолымен тұрақты даму саласындағы қағидаттарды енгізеді.
Компания экономикалық, экологиялық және әлеуметтік үш бөлімнің келісілушілігін ескере отырып, өз қызметін жүзеге асыру шараларын қабылдауда.
Экономикалық бөлім Компанияның қызметін ұзақ мерзімді құнды өсіруге, Жалғыз акционер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттыруға бағыттайды.
Экологиялық бөлім биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсерді азайтуды, шектелген ресурстарды тиімді пайдалануды, экологиялық, энергия мен материалды үнемдеу технологияларын қолдануды, қалдықтарды азайтуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік бөлім өзгелердің арасында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауды, әділ сыйақы төлеу және жұмыскерлер құқықтарын құрметтеуді, қызметкерлерді жеке дамытуды, жұмыскерлер үшін әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды, демеушілік пен қайырымдылықты, экологиялық және білім беру акцияларын өткізуді қамтитын әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына бағытталған.
Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 13 қазандағы шешімімен (№02/28 хаттама) «АТСП» ҰК» АҚ Корпоративтік басқару кодексі талаптарына сәйкес Компания жыл сайынғы негізде тұрақты даму садасындағы талаптардың сақталуын талдауды қамтыған Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелері туралы есеп дайындайды. Аталған есеп Директорлар кеңесінде бекітіліп, «АТСП» ҰК» АҚ жылдық
есебінің құрамына енгізіледі.