+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Басқарманың құрамы

Басқарма төрағасы (Президент)
Турикпенбаев Абай Ногаевич

Абай Ногаевич Турикпенбаев 1964 жылы 4 маусымда Шымкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазан химиялық-технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы Еуразия нарық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1986-1989 жылдар – «Навоиазот» ӨБ (Навои қаласы, Өзбекстан) – аға шебер, 1, 2 аммиакті өндірудің химиялық жабдығын жөндеу жөніндегі шебер;
  • 1989-1993 жылдар – «Каспий маңы тау-металлургиялық комбинаты» ӨБ азот-тыңайтқыш зауыты (Ақтау, Қазақстан) – бөлім механигі, жабдықтарды жөндеу жөніндегі шебер, Аммиак-1 цехының 6 разрядты слесарі;
  • 1993-1995 жылдар – «Каскор» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – меркетинг және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бөлімінің 2-санатты инженері, менеджері, бастығы;
  • 1995-2000 жылдар – «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – мұнай өнімдерін өткізу басқармасы бастығының орынбасары;
  • 2000-2002 жылдар – «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ (Павлодар, Қазақстан) – коммерциялық директор;
  • 2002-2003 жылдар – «ӨзенМұнайГаз» АҚ (Жаңаөзен, Қазақстан) – бақылау-аналитикалық департаментінің директоры;
  • 2003-2004 жылдар – «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (Ақтау, Қазақстан) – Құрылысы салынып жатқан объектілер дирекциясы директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы;
  • 2004-2008 жылдар – «ТенизСервис» ЖШС (Ақтау, Қазақстан) – бас директордың орынбасары;
  • 2008-2012 жылдар – «Батуми Индастриал Холдинг Лтд» (Батуми, Грузия) – директор;
  • 2013 жыл – «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ – талдау және жобалау департаментінің директоры;
  • 2014-2015 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ – порт ғимараттары және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы;
  • 2015-2016 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ – техникалық мәселелер жөніндегі вице-президент;
  • 2016 жылғы қазаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін – «Құрық порты» ЖШС – бас директор;
  • 2017 жылғы ақпаннан бастап – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы (Президент).

Қаржы және экономика жөніндегі вице-президент (Басқарма мүшесі)
Уилсон Марина Анатольевна

1966 жылы Ангарск қарасында (Ресей) дүиеге келген. 2001 жылы «халықаралық экономист» мамандығы бойынша «Қайнар» университетін (Алматы қаласы), 2007 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (Ақтау қаласы) тәмамдаған.

Жұмыс тәжірибесі:

  • 1984 – 1992 жылдар – АКПО (Ақтау, Қазақстан) – жүктер мен багаждарды қабылдап-тапсырушы.
  • 1999 – 2000 жылдар – «Ақтау теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – «АТСП» РМК) (Ақтау, Қазақстан) – коммерциялық және жүк жұмыстары бөлімінің инженері.
  • 2000 – 2003 жылдар – «АТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – қаржы менеджменті бөлімінің инженері.
  • 2004 – 2008 жылдар – «АХТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – экономикалық талдау және тарифтік саясат бөлімі бастығының орынбасары.
  • 2008 – 2012 жылдар – «АХТСП» РМК (Ақтау, Қазақстан) – стратегиялық жоспарлау және ұзақмерзімді инвестицияларды басқару бөлімінің бастығы.
  • 2012 – 2015 жылдар – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ (Ақтау, Қазақстан) – қаржы басқармасының бастығы.
  • 2015 жылғы қарашадан бастап – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ қаржы және экономика жөніндегі вице-президенті.