+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Порт тарихы

Ақтау портының тарихы Маңғышлақтағы уран өнеркәсібі мен мұнай кенорындарының өнімін тасымалдау қажеттілігі туындаған 1963 жылдан басталады. Порт құрылысы басты
және қосымша толқын тосқыларын және төрт құрғақ жүк айлағын салудан басталды. 1969-1986 жылдары төрт мұнай құю айлағы мен паром кешені салынды. Ақтау порты
арқылы өтетін тасымалдың басым көпшілігін мұнай тасымалы құрады – 80 жылдардың басында жылына 7 млн. тоннаға дейін жетсе, құрғақ жүктер тасымалдау жылына небәрі
300 мың тоннадан аспады. КСРО ыдыраған соң Ақтау теңіз порты Каспий бассейніндегі мемлекеттерді өзара байланыстыратын маңызды көлік торабына айналып, тәуелсіз
Қазақстанның халық-шаруашылық кешенін дамытуда стратегиялық маңызға ие болды. 1999 жылы Ақтау теңіз порты толық қайта құрудан өтіп бұл уақыт порт тарихында шешуші
кезеңге айналды. Ақтау портын қайта құруды аяқтау салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев қатысты.

Бүгінде Ақтау теңіз сауда порты – шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және кері қарай жылына 12 ай және тәулігіне 24 сағат жүк тасымалын қамтамасыз ететін заманауи
көп мақсатты терминал. Оның бірнеше көліктік дәліздің қиылысында орналасуы мемлекеттің дауында стратегиялық маңызға ие. Порт қуатын арттыру Қазақстанның әлемдік
стратегиялық бағдарламалар шеңберінде халықаралық жүк айналымына қызмет көрсету процесінің белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік береді.