+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Портта терроризмге қарсы жаттығулар аяқталды

Екі күн ішінде Ақтау теңіз портының аумағында террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде персоналдың іс-әрекеттері бойынша профилактикалық және оқу іс-шаралары өтті.

Оқу-жаттығулар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылды және қоғамның барлық бөлімшелерінің, күзетшілердің және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Практикалық бөлім барысында келесі кезеңдер пысықталды:

  • жарылғыш құрылғыны салу мүмкіндігі туралы ақпараттың түсуі;
  • ғимараттар мен аумақты тексеру;
  • қызметкерлерді эвакуациялау және дабыл беру;
  • ықтимал қауіпті учаскелерді бұғаттау;
  • құқық қорғау және арнайы қызметтермен өзара іс-қимыл;
  • қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа тасымалдау;
  • мемлекеттік органдардың өкілдерімен қорытынды шығару.

Мұндай іс-шараларды өткізу персоналдың дайындық деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және ықтимал штаттан тыс жағдайларға уақтылы ден қоюға бағытталған.