Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік- логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуда маңызды рөлге ие Ақтау халықаралық теңіз портына барды.
Президентке Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту перспективасы баяндалды.
Атап айтқанда:
Өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Ақтауда контейнерлік хаб салынып жатыр. Бұл жоба порттың жүк өткізу қабілетін 140 мыңнан 240 мың ЖФЭ- ге дейін ұлғайтады.
Кендірлі курорты аймағында жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады.
Бұдан бөлек, Орталық Батыс және Бейнеу – Сексеуіл секілді ауқымды жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру көзделген.
Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды.
Дереккөз: akordapress