+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Желілік қатынасты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

«АТСП» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы А.Н. Түрікпенбаевтың Баку қаласына сапары аясында Ақтау порты мен Говсан порты (Әзірбайжан) арасында желілік қатынасты ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сөйтіп, қосымша жүк ағымдарына қызмет көрсету бойынша Транскаспий дәлізінің мүмкіндігі айтарлықтай артады.

Анықтамалық ақпарат:
Говсан порты жыл бойы кемелер кіргізу үшін ашық және ұзындығы 150 метрге дейінгі кемелерді қабылдай алады.
Контейнерлерді ауыстырып тиеу жұмыстары алты айлақтың төртеуінде жүзеге асырылады. Теміржол құрамын тікелей кемеге/кемеден өңдеу  мүмкіндігі бар теміржол желісі, сондай-ақ жүк алаңшалары бар.