+7 (7292) 544549, 445100

АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

“Солтүстік-Оңтүстік” бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы

19-20 Шілдеде Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен “Солтүстік-Оңтүстік” бірінші көліктік сауда-экспорттық форумы өтті.

Форумның ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев қатысты.

Екі күн бойы 12 елден келген 440-қа жуық қатысушы мультимодальды тасымалдаудың жаңа трендтерін, жаңа көлік маршруттарын ашу мүмкіндіктерін терең талқылады.

Осы бағытты дамыту үшін 2024-2025 жылдарға арналған “Солтүстік – Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытының әлеуетін синхронды дамыту бойынша Иран, Түрікменстан және Ресеймен Жол картасына қол қойылды.

Осы құжатты іске асыру 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін жылына 15 млн.тоннаға дейін, ал 2030 жылға қарай 20 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

“АТСП” ҰК” АҚ Басқарма Төрағасы (Президенті) Абай Түрикпенбаев “Мультимодальды өзара байланыс және порттарды дамыту” пленарлық сессиясында Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізіндегі Ақтау портының рөлі” тақырыбында баяндама жасады.

Екінші күні делегация басшылары мен форумға қатысушылар Ақтау қаласының басты теңіз портына келді.

Жоғары қонақтарды Порт Президенті Абай Түрикпенбаев қарсы алып, теңіз айлағының өндірістік инфрақұрылымымен егжей-тегжейлі таныстырды.