АО «НК «Актауский
морской торговый порт»

Рус

Ақтау портына Ляньюньган қаласының делегациясы келді

Ақтау портына Ляньюньган қаласының мэрі Чжоу Цзинь мырза бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамында қала әкімдігі мен Ляньюньган порты басшылығының өкілдері болды.

 

Сапар барысында қонақтарға Ақтау портының қызметі, негізгі өндірістік көрсеткіштері, дамудың стратегиялық бағыттары және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпарат ұсынылды.

 

Контейнерлік хаб құрылысы жобасына ерекше назар аударылды. Делегация аталған нысанды аралап, жобаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелерімен, сондай-ақ Каспий бағыты бойынша контейнерлік тасымалды одан әрі дамыту болашағымен танысты.

 

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) аясындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады. Бүгінде бұл бағыт Еуразиядағы негізгі сауда дәліздерінің бірі болып табылады.

 

Айта кету керек, Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тобының көпжылдық стратегиялық серіктесі болып табылатын Ляньюньган портының үлестік қатысуымен іске асырылды. Жобаны жүзеге асыру Каспий өңіріндегі заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды кезең болып табылады және Транскаспий халықаралық көлік маршрутының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.