Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күніне орай «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында салауатты бәсекелестік пен командалық бірлікті нығайтқан спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бірнеше күн бойы порт қызметкерлері волейбол, шағын футбол, боулинг және бильярд спорт түрлерінен сынға түсті. Әрбір жарыс қатысушылардың төзімділігін, шеберлігін және командамен бірлесіп әрекет ету қабілетін айқындады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық жігерін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар кәсіпорынның игі дәстүріне айналып келеді. Олар корпоративтік мәдениетті нығайтуға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және порт қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сертификаттармен марапатталды.
Теңіз және өзен көлігі саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық және кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз!