Шарттар (келісімдер):
Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, қоймалау, сақтау, көліктік-экспедиторлық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ аумағы мен айдыны шегінде басқа жұмыстар мен қызметтерді орындауға порт президентінің өкімі, немесе пайдалану жөніндегі вице-президенттің порт арқылы жүктерді ауыстырып тиеуді жоспарлаған тапсырыс берушінің жазбаша өтініміне (өтінім) қойылған бұрыштама негіз болады.
Өтінім-сұрату ұйымның фирмалық бланкісінде беріледі және Тапсырыс беругі шарт жасасуды ұсынған қызмет түрлері туралы, жүктің номенклатурасы мен жылға немесе айларға бөле отырып тоннадағы жалпы көлемі туралы мәлімет болы тиіс.
Шарт жасасу үшін төмендегі құжаттардың көшірмелері талап етіледі.
Қазақстан Республиткасының резиденттері үшін:
- Жарғы;
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- Салық төлеушіні тіркеу туралы куәлік;
- Шартқа қол қоюға құқық беретін құжат (құрылтайшының шешімі, тағайындау туралы бұйрық, сенімхат және т.б.);
- Толық мәліметтер жазылған деректеме (мекенжайы, банктік деректемелері, байланыс мәліметтері – телефондары мен электрондық мекенжайы).
Бейрезиденттер үшін (құжаттардың барлық көшірмелерінің мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы болуы тиіс):
- Жарғы;
- Сауда тізілімінен үзінді-көшірме;
- Осы шартқа және басқа да ажырамас құжаттарға (нотариус куәландырған аудармалар) қол қоюға құқық беретін құжат (сенімхат және т.б.);
- Толық мәліметтер жазылған деректеме (мекенжайы, банктік деректемелері, байланыс мәліметтері – телефондары мен электрондық мекенжайы).
Теңіз порты қызметін ұсыну туралы келісім
Порттың паром кешені арқылы ауыстырып тиеу функциялары Құрық портына берілгендігіне байланысты және егер клиент астықты өздігінен ауыстырып тиюді көздемейтін болса, онда келісім жасауға өтінімнің 2 және 4-тармақтары келісім толтырылмайды.
Мұнайды ауыстырып тиеу келісімі
Кеме қатынасы туралы келісім
Шарт жасасуға қатысты барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ жаңа клиенттерге кеңес беру мәселелері бойынша төменде көрсетілген телефон арқылы хабарласуға болады:
жұмыс: 8 (7292) 445151
ұялы: +7 702 271 14 64 Аманқосқызы Айжан
электронды мекен-жай: amankoskyzy_a@aktauport.kz